Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуроодақ Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу жобасына 7,1 млн еуро бөледі

Опубликовано:

 Еуропалық одақ «Қазақстанның «жасыл» экономика моделіне көшуін қолдау» жобасына 7,1 млн еуро бөледі, деп хабарлады Ауылшаруашылық министрлігі су ресурстары комитетінің төраға орынбасары Болат Бекнияз.

«Бұл бағдарламада республикалық бюджеттен қаржыландырылмайтын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылмайтын нәрселер бар», - деді Бекнияз дүйсенбіде.

Ол қаражаттың заңнаманы, тарифтік саясатты жетілдіруге, су саласындағы жаңа технологияларды тартуға бағытталатынын түсіндіріп өтті.

«Біз Еуропалық одаққа осы мәселеде көмектесу өтінішімен жүгінген едік және олар мұнымызға үн қатып, бұл жобаға тиісті грант бөлді. Бұл жобадан біз су ресурстарын басқару жөніндегі мембағдарламада көрініс тапқан барлық ой-ниетімізді көргіміз келеді. Және бұл жобадағы үлкен блокты, әрине, су ресурстары құрайды. Мен бұл бізге су саласындағы көп проблемаларды шешуде серпін береді деп ойлаймын», - деп атап өтті комитет төрағасының орынбасары.

Ұйымдастырушылар көрсеткендей, жаңа жоба трансшекаралық өзендер мәселесін шешуді жасап шығаруға, сондай-ақ Қазақстанның ұзақмерзімдік экологиялық тұрақтылығы мен тегіс қамтылған экономикалық дамуына көмектесе отырып, «жасыл» экономиканы жасап шығаруға деген менеджерлік тәсілдерді жетілдіруге жәрдемдесетін болады.

Жобаны Еуропалық одақ қаржыландырады. Жобаның жалпы сомасы 7,1 млн еуроны құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/781070-euroodaq-qazaqstannynh-zhasyl-ekono/

pixel