Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан ең қымбат көліктерге тапсырыс беруден Ресейді басып озды

Опубликовано:

Қытайдағы ауқаттылар нарығының бәсеңдей түсуіне байланысты Қазақстан мен Әзербайжан сияқты елдер әлемнің ең қымбат көліктерін құрастырушылар үшін тиімді аймаққа айналуда деп xабарлады Bloomberg.

«Бай мұнай кені мен кен шоғырының арқасында бұрынғы кеңес республикасында Rolls-Royce, Bentley және Maserati сынды маркалы автокөліктерімен Алматының жолдарымен жүргісі келетін көптеген ауақатты адамдар тұрады. Ресейге қарағанда ортаазиялық мемлекетте адамдардың көпшілігі жол талмағамайтын жаңа Bentley-ге тапсырыс берген», - деп хабарланды америкалық БАҚ-тың сайтында.

IHS Automotive бағалауларына сәйкес, жоғары санаттағы көліктерге сұраныс мұндай шекаралық нарықтарда болжам бойынша 2020 жылға дейін жыл сайын 9%-ға өсіп отырады.

Rolls-Royce және Bentley жасап жатқандай, компания күн сайын тек бірнеше автокөліктерді сатқан кезде өздеріне мұны рұқсат ете алатын бірнеше бай адамдар істі бірден өзгертіп жіберуі мүмкін. Rolls-Royce-тің алты делдалдық орталығының төртеуі  өткен жылы дамушы мемлекеттерде яғни Әзербайжанда, Камбоджада, Мексикада және Қазақстанда ашылды.

“Біз дәстүрлі емес нарықтарға сұранысты бақылап отырамыз. Міне біз неліктен сонда бағытымызды бұрамыз", - дейді Rolls-Royce-ке жауапты, BMW AG басқармасының мүшесі Питер Шварценбауер.

Әлбетте Қазақстан және Әзербайжан сынды мемлекеттер жоғары сапалы автокөліктер нарығы келесі бес жылда жыл сайын 6% -ға өсіп отыратын Қытайды алмастыра алмайды.

Аспан асты елі ауқаттылар нарығының дамуы бәсеңдеп жатқанына қарамастан, әлемдегі ең ірі көлік нарығы болып қала бермек. Мұнда Mersedes-Benz S-классты көліктер де шығарылады. Құны $230 мыңдық Maybach-тің ай сайын 500 данасы сатылып жатады.

"Соған қарамастан біз Қазақстан немесе Өзбекстан сынды елдердің шағын дамушы нарығындағы өзіміздің бірінші санаттағы үлгілерімізге деген сұранысты бақылап отырамыз", – дейді Mercedes-Benz-тің сату бойынша директоры Ола Каллениус”.

Каллениустің атап өтуінше, баға ауқымында тіпті шағын сату көлемінің де маңызы бар екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/812546-qazaqstan-enh-qymbat-kolikterge-tapsy/