Алматыдағы валюта айырбастау пункттерінде доллар бітіп қалды (фото)
Опубликовано:
Алматыдағы валюта айырбастау нүктелерінде доллар жоқ. Сондай-ақ, көптеген валюта айырбастау пункттері евро мен рубльді де сатпай жатыр.
Бұл туралы Kapital.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Алматыда доллар, евро және рубльді сатып алу қиындап кеткен. Себебі, көптеген валюта айырбастау орталықтары валюта бағамы әлі де өседі деген күдікпен валюта сатуды доғарған.
Көптеген валюта айырбастау орталықтарында доллардың сатылмайтыны туралы айтылды. Сонымен қатар, бірнеше валюта айырбастау орталығының қызметкерлері доллардың сатылмайтынын телефон арқылы хабарлаған.
Сондай-ақ, 20 тамыз күні түске дейін бірнеше валюта айырбастау орталықтарының жабық тұрғаны да долларды сатып алуда үлкен қиындықтар барын аңғартады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/860935-almatydaghy-valyuta-ayyrbastau-punktt/