Шикізат сатумен айналысатын елдердің экономикалары шатқаяқтай бастады
Опубликовано:
Шикізат экспортына сүйенген Қазақстан экономикасы 15 жыл бойы тәуір дамыды. Бірақ бұл елге шикізат сатудың зардабын тартатын кез келген сияқты.
Шикізатқа бай Қазақстан өткен аптада валютасын мемлекеттік реттеуден бас тартып, теңгені еркіне жіберді. Сол күні-ақ ұлттық валюта бірден 25-30 пайызға арзандады.
Бұл жағдай инвесторларға Қазақстанның шикізат экспортына тәуелді басқа да дамушы елдер сияқты қиын жағдайға тап болғанынан хабар берді. Елдің сыртқа шығарып сататын шикізат өнімдерінің нарықтағы бағасы құлдырап кетті.
Қазақстан экономикасы қазба байлықты сыртқа сатуға бейімделгендіктен, шетелдік капиталды шақырып, басқа салаларды дамытуға көп көңіл бөлінген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/867758-shikizat-satumen-aynalysatyn-elderdi/