jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қазақстандықтар алтын сатылымы басталғалы бері оның 3 тоннасын сатып алған

    Алтын
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстандықтар алтын құймасын белсенді түрде сатып алып жатыр. Алтын сатылымы басталғаннан бері халық 3 тонна қымбат металлды алып үлгерген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Ranking.kz порталына сілтеме жасап.

    Басылым мәліметінше, геосаяси тұрақсыздық, сондай-ақ қаржы нарығы мен валюта бағамының құбылмалы болуы себепті баламалы инвестициялық құралдарға сұраныс артып келеді. Алтын - әрқашан тұрақсыз ақшаны алмастыруға болатын бірден-бір құрал.

    Әлем елдеріндегідей Қазақстанда да инвестицияның бұл түріне сұраныс арта түседі деп күтілуде. Мәселен, тек 2022 жылдың наурыз айында Қазақстан халқы жалпы салмағы 167,2 келі болатын 8,3 мың алтын құймасын сатып алған. Сатылған құймалар саны 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9 есеге, салмағы бірден 3,5 есеге өскен.

    Ал 2021 жыл алтын сату бойынша рекордтық жыл болды. Жалпы, қазақстандықтар алтын сату басталғаннан бері жалпы салмағы 3 тонна болатын 87,53 мың алтын құймасын сатып алған.

    Алтын құймалары бес түрде ұсынылған, олар салмағы бойынша 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймалары. Олардың арасында ең танымалы салмағы 10 грамм құйма. 2017 жылдан 2022 жылдың наурызына дейінгі оның сатылымдағы үлесі 27% - 23,4 мың тонна. Одан кейінгі орында 20 грамдық – 18,2 мың құйма (21%) сатылған, 100 грамдық – 18 мың (20%), 5 грамдық – 16,8 мың (19%), 50 грамдық – 11,1 мың құйма (13%) сатылған.

    Еске сала кетейік, 2017 жылдан бастап Ұлттық банк халыққа сертификатталған, өлшенген, тазартылған алтын құймаларын сатуды бастады. Негізгі мақсат – қазақстандықтарды қаражатты үнемдеу және жинақтау мақсатында қосымша инвестициялық құралмен қамтамасыз ету.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.