jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    S&P Global Ratings: Kaspi Bank-тің кредит портфелінің сапа көрсеткіштері өте жоғары

    S&P
    Фото: shutterstock

    28 маусымда S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі "Kaspi Bank" АҚ эмитентінің ұзақмерзімді және қысқамерзімді кредиттік рейтингтерін "ВВ−/В" деңгейінде, ұлттық шкала бойынша эмитенттің рейтингін "kzА" деңгейінде растады.

    Рейтингтер бойынша болжам – "Жағымды".

    Kaspi.kz-тің негізін қалаушылардың бірі әрі басшысы Михаил Ломтадзе:

    "S&P рейтинг агенттігінің кредиттік портфеліміздің сапасына және жалпы Kaspi.kz бизнес-моделінің бірегейлігіне жоғары баға беріп отырғанына қуаныштымыз. Біздің командамыз жетілдіру мүмкіндіктерін үнемі іздестіреді, бұл компаниямыздың операция бойынша керемет көрсеткіштерінен көрінеді", – деп пікір білдірді.
    "Kaspi Bank-тің рейтингтері бойынша "Жағымды" болжамы банктің алдағы 6-12 айда активтер сапасының жақсаруын, соның ішінде қазақстандық банктермен салыстырғанда кредиттер бойынша неғұрлым төмен шығын деңгейін тұрақты түрде ұстап тұрады деген болжамымызды көрсетеді", – деп атап өтті агенттікте.

    Кредиттік портфельдің сапасы бірнеше жыл қатарынан үнемі жақсарып келеді. ХҚЕС анықтамалары бойынша 3-кезеңге сәйкес сипаттамалары бар кредиттердің үлесі 2020 жылдың соңындағы 10%-бен салыстырғанда кредиттік портфельдің 5%-ға жуығын құрады. Сондай-ақ Агенттік кредиттер бойынша ықтимал шығындар резервтерін қалыптастыру шығыстары 2022 жылы 2% деңгейінде қалады деп күтеді.

    Kaspi.kz операциялар бойынша жоғары көрсеткіштерді көрсетіп отыр. Орташа меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті (ROAE) соңғы бірнеше жылда 80% -дан астам көрсеткішті құрады. Бұл аймақтағы көптеген банктермен салыстырғанда жоғары. S&P көрсеткіш алдағы екі жылда осы деңгейде қалады немесе арта түседі деп болжайды.

    Сарапшылардың пікірінше, топ бизнесінің тұрақтылығына ол қызметін жүргізетін барлық платформадағы мықты нарықтық позициялар, сондай-ақ бизнесті жоғары әртараптандыру ықпал етеді.

    S&P Global Ratings: Kaspi Bank-тің кредит портфелінің сапа көрсеткіштері өте жоғары

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.