jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жеңіс күніне орай номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнота айналымға шығады (фото)

    Номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнота
    Номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнота. Фото: nationalbank.kz

    Ұлттық банк 9 мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнап номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "9 мамыр – бүкіл әлем үшін айтулы күн. Қазақстан Жеңіске айтарлықтай үлес қосты. Республикадан 1,2 миллионға жуық адам жұмылдырылды, бұл сол кездегі жалпы халықтың шамамен – 20 пайызы. Отандастарымыз жаяу әскерде, танк бөлімшелерінде, авиация мен флотта ерлікпен шайқасты.

    Қаһарман отандастарымыздың ерлігіне құрмет таныту үшін Ұлттық банк ұлттық валютада мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарғалы отыр", - делінген хабарламада.

    Ұлттық банктің мәліметінше, банкноталардың таралымы 5 миллион дана ғана.

    Номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнота өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады.

    Сондай-ақ банктік шотқа салуға, Қазақстан Республикасының барлық банкінде аударуға және ұсақталуға міндетті.

    Номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнота
    Номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнота. Фото: nationalbank.kz

    Жеңіс күніне орай номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнота айналымға шығады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.