jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Freedom Bank салық декларациясын тапсыру қызметін Freedom SuperApp-та іске қосты

    Freedom Bank
    Фото: Freedom Bank

    Freedom SuperApp қосымшасында кірістер мен мүлік туралы салық декларациясын тапсыру сервисі пайда болды (270.00 нысаны). Freedom Bank декларацияны тапсырудың екі форматын дайындады: қысқартылған – тек екі рет басу, тек Freedom инвестициялық валютасынан түскен кіріс бойынша және толық – табыстың басқа түрлерін көрсету мүмкіндігімен. Freedom SuperApp-та декларациясын тапсыру сервисі қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.

    Freedom SuperApp 2024 жылы Freedom инвестициялық валютасын (ETN биржалық нотасы) белсенді еткен пайдаланушыларға ол бойынша кірісті декларациялау қажеттілігі туралы жан-жақты хабарлай бастады. Осы салық кезеңінде декларация тапсыруы керек клиенттерге Freedom SuperApp қосымшасының ішінде хабарлама келеді.

    Әрі қарай декларацияның қысқартылған нұсқасын (270.00 нысаны) тек ETN кірісі бөлігінде беру бетіне өту үшін хабарламаны басу жеткілікті. Осыдан кейін "Бастау" батырмасын басу керек. Жүйе пайдаланушының деректерін және Freedom инвестициялық валютасындағы кіріс мөлшерін автоматты түрде жүктейді.

    Тек декларация түрін (бастапқы, кезекті, қосымша немесе хабарлама бойынша қосымша) өз бетінше таңдау қажет. Егер декларация бірінші рет берілсе, "бастапқы" таңдалады. Есеп өткен жылы тапсырылса "кезекті" дегенді белгілеу керек. Бұрын берілген есепке өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда "қосымша" декларация таңдалады. Егер клиент МКК-дан түзету туралы хабарлама алса, "хабарлама бойынша қосымша" түймесін басып, құжаттың жіберілгенін растау керек.

    Қорытынды қадам ретінде нәтиже туралы хабарлама келеді, онда мәртебесі көрсетіледі: декларацияны салық органы қабылдайды немесе қабылдамайды. "Қабылданбады" мәртебесі берілген жағдайда декларацияны қайта тапсыру не салық органына жүгіну қажет.

    Freedom SuperApp
    Скриншот: Freedom Bank

    Freedom SuperApp
    Скриншот: Freedom Bank

    Салық декларациясын 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін Freedom инвестициялық валютасын сатып алған және оны 2024 жылы іске асыру бойынша құн өсімінен табыс алған банктің барлық клиенті тапсыруға тиіс екенін нақтылаймыз. Сонымен қатар Freedom SuperApp қосымшасы биыл валюта бойынша кірісті жариялаудың қажеті жоқ пайдаланушыларға бұл туралы ескертеді.

    Freedom SuperApp
    Скриншот: Freedom Bank

    Сонымен қатар клиенттерге ыңғайлы болу үшін Freedom Bank кірістердің басқа түрлерін көрсету мүмкіндігімен толық салық декларациясын (270.00 нысаны) тапсыру опциясын жүзеге асырды. Ол үшін Freedom SuperApp ішінде "Мемлекеттік қызметтер" қойындысын таңдап, "Активтер декларациясы" батырмасын басып, ашылған тізімнен "270 нысаны бойынша декларацияны" таңдап, деректерді тексеріп, құжаттың жіберілгенін растау қажет.

    Freedom SuperApp
    Скриншот: Freedom Bank

    Freedom SuperApp
    Скриншот: Freedom Bank

    Freedom SuperApp
    Скриншот: Freedom Bank

    Freedom SuperApp
    Скриншот: Freedom Bank

    Freedom SuperApp
    Скриншот: Freedom Bank

    2025 жылы Freedom инвестициялық валютасы – қағазды сату бойынша құн өсімінен алғаш рет табыс тапқан Freedom Bank клиенттері үшін кірісті декларациялау бойынша міндеттемелер келесі жылы ғана пайда болатынын айта кету керек. Банк мұндай пайдаланушыларға декларацияны тапсыру мерзімі мен тәртібі туралы алдын ала хабарлайды.

    Сонымен қатар банк клиенттері декларацияны басқа қызметтер арқылы да тапсыра алады. Бұндай жағдайда Freedom инвестициялық валютасынан алынған кіріс туралы ақпаратты Freedom SuperApp қосымшасынан "Freedom валютасы" бөлімінде арнайы анықтамадан шығарып алуға болады.

    Естеріңізге сала кетейік, былтыр Freedom Bank бейілділік бағдарламасын іске қосты, ол бойынша банк клиенттеріне Freedom инвестициялық валютасына айырбасталатын кешбэк есептеледі. Freedom инвестициялық валютасы ETN биржалық нотасы болғандықтан, ол бағалы қағаз болып табылады, сондықтан сату кезінде құн өсімінен алынған кіріс декларациялауға жататынын айта кетейік. Бұл ретте "АХҚО туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес ETN-ге салық салынбайды.

    *Freedom инвестициялық валютасы - AIX биржасында саудаланатын, тиісті салық жеңілдіктері қолданылатын АХҚО құқығына сәйкес тіркелген және шығарылғанбиржалық нотасы (ETN).

    **25.06.2024 ж. берілген №1.1.108 банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған ҚНРДА лицензиясы | 12.06.2024 ж. берілген №1.2.253/45 бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған ҚНРДА лицензиясы.

    ***Серiктес материалы.

    Freedom Bank салық декларациясын тапсыру қызметін Freedom SuperApp-та іске қосты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.