jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстанда биыл автонесие мен кепілді кредит алушылар көбейген

    автокөліктің кілті және ақша
    Автокөліктің кілті және ақша. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Жыл басынан бері экономиканы кредиттеудің жалпы көлемі 14,6 пайызға өсіп, 38,7 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы үкімет отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Агенттік төрағасының айтуынша, Қазақстанда кепілсіз қарыздардың өсімі баяулады, ал автокредиттеу жеделдеді.

    Агенттік дерегі бойынша жыл басынан бері кепілсіз несие алушылар азайған. Былтыр, 2024 жылы кепілсіз несие өсімі 29,3 пайыз болса, осы жылдың 9 айында көрсеткіш 12,7 пайызға дейін төмендеді.

    Алайда ел тұрғындарының автонесиемен қатар кепілді қарыз алуы жеделдеген. Кепілді тұтынушылық кредиттер көлемі 32,2 пайызға өсіп, 4,8 трлн теңге көлеміне жеткен.

    Мәдина Әбілқасмованың сөзінше, бизнеске кредит берудің орташа жылдық өсу қарқыны соңғы бес жылда 14,4 пайыз болды.

    "Бизнеске кредиттер портфелі 5 жыл ішінде 1,7 есе, яғни, 14,7 трлн теңгеге дейін өсті. Кредиттеу құрылымында шағын және орта бизнес кредиттері 44 пайыз, ірі бизнеске кредиттер 36 пайыз және дара кәсіпкерлерге кредиттер 20 пайызды көрсетіп отыр", - деді Мәдина Әбілқасымова.

    Қазақстанда биыл автонесие мен кепілді кредит алушылар көбейген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.