jitsu gif
Қаржы

    Ақтөбедегі медсақтандыру қоры филиалының басшысы жалақысының қанша екенін айтты

    Батырбек
    Фото: facebook.com / Батырбек Нургалиев

    Медициналық сақтандыру қорының Ақтөбедегі филиалын басшылық ететін Батырбек Нұрғалиев айына қанша жалақы алатынын айтып берді деп жазады "Диапазон".

    Айта кетсек, өткен айда әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов жалақысының қанша екенін жариялаған болатын. Ол айына 1,5 миллион теңге алатынын айтқан еді, ал жұмысшылардың орташа жалақысы 290 мың теңгені құрайтынын алға тартқан.

    Осы орайда "Диапазон" басылымы Ақтөбе облысындағы қор филиалы басшысының қанша жалақы алатындығын анықтауға тырысып, брифингте әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Ақтөбе филиалының директоры Батырбек Нұрғалиевтен өзіне және қоластындағыларға айына қанша төленетінін сұрайды.

    "Менің орташа жалақым 450 мың теңгені құрайды, қызметкерлер - лауазымына байланысты 120-нан 200 мыңға дейін жалақы алады", - деп жауап берді Батырбек Нұрғалиев.

    Еске салайық, ағымдағы жылдың қаңтарында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов жалақысының мөлшерін жариялаудан бас тартқан болатын. Алайда, бірнеше айдан кейін ол айына 1,5 миллион теңге алатындығын мәлімдеген еді.

    Одан бөлек, мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов қазақстандық бюджеттен тыс әлеуметтік қорлардың миллиардтаған әкімшілік шығындарын атап өтіп, оларды бірыңғай әлеуметтік қорға біріктіруді ұсынған болатын.

    "Егер МӘМС қорының қолжетімді қаржылық есептілігін зерттейтін болсақ, МӘМС басқармасының төрт мүшесіне шамамен 77 млн теңге - әрқайсысына 19 млн теңгеден сыйақы төленген. Сондықтан да МӘМС басқарма төрағасы өз жалақысын жариялаудан бас тартқан шығар. Ол азаматтардың жарналары мен аударымдары есебінен күн көретін мемлекеттік қордағы коммерциялық құпияны себеп қылды", - деп толықтырды Жамалов.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.