jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Елімізде газ бағасы 2024 жылға дейін өзгермейтін болды

    Газ құбыры
    Көрнекі фото: Getty Images wenbin

    Қазақстанда шикі және тауарлық газ бағасы 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін өзгермейді. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Ұлттық тауар өндіруші жүйені құрудың бірінші кезеңі жүзеге асырылады. Ішкі нарық қосымша 150 мың тонна сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз етіледі, шикі тауарлық газдың бағасы 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін өткен жылдың желтоқсан айындағы деңгейде бекітіледі", - дейді премьер-министр.

    Еске салсақ, 2 қаңтарда Жаңөзенде тұрғындар газ бағасының көтерілуіне байланысты наразылыққа шыққан еді.

    Тұрғындардың сөзінше, 2022 жылдың 1 қаңтарында газ бағасы 120 теңгеге жеткен.

    Халықтың наразылығына қатысты мемлекет басшысы пікір білдіріп, үкіметке тапсырма берген еді.

    Кейінірек, бұрынғы премьер-министр Асқар Маминнің өкімімен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін үкіметтік комиссия құрылды.

    Нәтижесінде Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасы 50 теңгеге дейін төмендетілді және еліміздің әр өңірінде 180 күнге сұйытылған газдың шекті бағасы бекітілді.

    Елімізде газ бағасы 2024 жылға дейін өзгермейтін болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.