jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Энергетика министрі Қазақстанда АЭС-ті не себепті іске қосу жоспарланып отырғанын түсіндірді

    АЭС
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте Энергетика министрі Қазақстан атом энергетикасын дамытуға әлеуетті екенін мәлімдеді – мәселен еліміз табиғи уран өндіру бойынша бірінші орынға жайғасқан, одан бөлек Қытай АЭС-і үшін дайын ядролық отын шығаратын зауыт іске қосылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда 2035 жылы электр энергиясының тапшылығы туындайтынын және тапшылықты жою үшін АЭС-ті сол жылы іске қосу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

    Болжам бойынша электр энергиясын өндіру құрылымында 2035 жылға қарай көмірдің үлесі 40%-ға дейін төмендейді, ал ЖЭК үлесі 23%-ға дейін артады. Электр энергиясының жалпы өндірілуінің 18%-ын газ генерациясы алса, ГЭС үлесі 7%-ын, АЭС үлесі 12%-ын алатын болады.

    Министр Қазақстан атом энергетикасын дамытуға әлеуетті екенін мәлімдеді.

    "Біз өндірілетін табиғи уран көлемі бойынша әлемде бірінші орында тұрмыз. Елімізде ядролық отын компоненттерінің өндірісі бар, сондай-ақ біздің елде уранды изотопты байыту қызметі де қолжетімді болып отыр.

    Өткен жылы Үлбі металлургия зауытының базасында Қытайдың атом электр станциялары үшін дайын ядролық отын шығаратын зауыт ашылды. Ядролық отынның белсенді өндірісі басталды", - деді Ақшолақов.

    Ол АЭС салу мәселесін Энергетика министрлігі ең перспективалық бағыттардың бірі ретінде қарастырып отырғанын айтты.

    Еске салсақ, елімізде атом электр станциясын салу қажеттігі туралы мәселені мемлекет басшысы көтерген болатын. Президент таза атом энергиясынсыз инвестицияны айтпағанда, бүкіл экономикамыздан, аймақтық көшбасшылықтан айырыламыз деген еді.

    Одан бөлек, энергетика министрі Болат Ақшолақов АЭС салуға бірнеше жыл кетуі мүмкін екенін айтқан болатын.

    Энергетика министрі Қазақстанда АЭС-ті не себепті іске қосу жоспарланып отырғанын түсіндірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.