jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысы көбейеді

    Дәрігерлер
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шаралары бойынша өткен үкімет отырысында денсаулық сақтау министрлігінің жұмыстары жөнінде мәлімет берілді, деп жазады KAZ.NUR.KZ үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

    Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ажар Ғинияттың сөзінше, ауылдық жерлерде денсаулық сақтауды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

    "Ұлттық жоба шеңберінде: 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектісін салу, сондай-ақ жарақтандыру, күрделі жөндеу, реконструкциялау жолымен 32 көпбейінді аудандық орталық аурухананы жаңғырту көзделеді", - деді Ажар Ғиният.

    Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін жеткізді.

    Сонымен қатар медицина мамандығының беделін арттыру шеңберінде бірқатар іс-шара жүзеге асырылуда:

    • 2023 жылдан бастап үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламаларын енгізу;
    • 2023 жылдан бастап резидентураға гранттарды қосымша 70 пайызға ұлғайту басталды;
    • медициналық жоғары оқу орындарында білім алушыларға стипендияны жыл сайын 15-20 пайызға ұлғайту;
    • дәрігерлердің жалақысын 30 пайызға, орта медицина қызметкерлерінің жалақысын 20 пайызға арттыру.
    Қазақстанда дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысы көбейеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.