jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қостанайда құрастырылған көліктерге неге сұраныс азайған: қала басшылығы өкілдері түсіндірді

    зауыт
    Көлік құрастыру сәтінен фото: KAZ.NUR.KZ

    Қостанайда биыл автокөлік құрастыру қарқыны бәсеңдеп қалды. Жылда өнім өндіруді 50-70 пайызға арттырып отыратын көлік зауыты былтырғы межеге де жете алмай қалған. Бұл туралы Қостанай қаласы әкімдігінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Қостанай қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің мәліметінше, Қазақстандағы ірі көлік құрастыру зауыты биыл алғашқы жарты жылдықта 38 мың автокөлік пен автобус, коммерциялық техника құрастырған. Ал былтыр қаңтар-шілде айлары аралығында 44 мың техниканы сатылымға шығарған екен. Көлік зауыты өнім өндіру көрсеткішін былтырмен салыстырғанда 12,5 пайызға азайтып алған. Бұған біріншіден көлікке деген сұраныстың төмендігі, екіншіден цехтағы жөндеу жұмысы әсер еткен.

    Жалпы биыл аймақта өндіріс ошақтарының өнім өндіруі төмендеп кетті. Қостанай қаласының билік өкілдері экономиканың жарты жылдық қортындысына қарап алаңдап отыр. Былтыр қаңтар-маусым айларында 782 млрд теңгенің өнімін өндірсе, биыл 734 млрд теңге. Бұл көрсеткіш былтырғы есеппен салыстырғанда 48 млрд теңгеге аз.

    "Қаладағы 7 өнеркәсіп орынында өнім өндіру көрсеткіші төмендеді. Бұның негізгі себептері: өнімдеріне сұраныстың азаюы және шикізатқа тапшылық. Сондай-ақ жөндеу жұмыстарына байланысты жұмыс қарқыны бәсендеді", - дейді Қостанай қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Наталья Тұрлыбекова.

    Әсіресе ауыл шаруашылық техникасына сұраныс қатты азайған. Комбайн құрастыру 70 пайыздай қысқарған. Техника құрастыратын кәсіпорын бұған өткен күзде диқандарға астықтан пайда аз түсіп, комбайн сатып алуға қаржы тапшылығымен түсіндірді. Осы күзде сұраныс қайта артуы мүмкін деген үмітте.

    Автор: Гүлнұр Нұрмағамбетова

    Қостанайда құрастырылған көліктерге неге сұраныс азайған: қала басшылығы өкілдері түсіндірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.