Қаржы

Зектілері

Қонаев әкімі қанша жалақы алатыны белгілі болды

Жарияланған күні:

Қонаев қаласының әкімі
Асхат Бердіханов. Фото: gov.kz

Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі қала басшысы Асхат Бердіхановтың жалақысы туралы мәлімет берді. Алайда жаңа жылға берілетін сыйақы мәселесі әлі шешілмеген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматы облысы қалалары мен аудандары басшыларының жалақысы бекітілген. Алайда әкімдердің еңбекақысы мемлекеттік қызметтегі тәжірибесіне байланысты өзгеруі мүмкін.

Қонаев әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкім ай сайын бір миллион теңгеден астам жалақы алады.

"Қала әкімі Асхат Бердіхановтың жалақысы – 1 миллион 126 мың 924 теңге", - деді NUR.KZ тілшісіне қала әкімдігінің баспасөз хатшысы.

Әзірге Қонаев әкімдігі қызметкерлерінің алдағы мерекелерде сыйақы алатын-алмайтыны белгісіз. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл мәселе Алматы облысы әкімінің өкімі шыққан соң шешіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2196780-qonaev-akimi-qansha-zhalaqy-alatyny-belgili-boldy/