jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Ең жоғарғы өсім - Астанада: өңірлерде инфляция деңгейі артты

    Инфляция өсімі
    Инфляция. Фото: pixabay.com

    Елімізде инфляция деңгейі өсті. Наурыз айында инфляция 10 пайызға өскен. Ұлттық банк ұсынған деректерге сай, жылдық инфляция 16 өңірде жеделдеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Наурызда елде жылдық инфляция үдеп (ақпанда – 9,4%), 10% болды. Жылдық инфляция 16 өңірде жеделдеп, 4 өңірде баяулады. Ең жоғары өсім Астанада тіркелді. Елордада жылдық инфляция 13,3 пайызға жетті, бұл – ел бойынша ең жоғары көрсеткіш.

    Азық-түлік бағасының ең жоғары өсімі – Ақмола облысында, ал ең төменгі өсім Жамбыл, Қостанай және Түркістан облыстарында байқалды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша жоғары өсім – Түркістан облысында, ал ең төменгісі Алматы облысында тіркелді. Ақылы қызмет бағасы ең қатты қымбаттаған өңір – Батыс Қазақстан облысы, ал ең аз қымбаттаған өңір Павлодар облысы болды. Еске сала кетейік, Ұлттық Банк қазіргі экономикалық жағдай мен инфляция тәуекелдеріне байланысты базалық ставканы 16,50 пайыз деңгейінде қалдырған болатын", - делінген хабарламада.

    Ең жоғарғы өсім - Астанада: өңірлерде инфляция деңгейі артты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.