jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Статистика: Қазақстанда жұмыртқа, күріш пен ұн арзандады

    Жұмыртқа
    Жұмыртқа. Көрнекі сурет: Klaus-Dietmar Gabbert/picture alliance via Getty Images

    Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша биылғы 15 сәуірдегі жағдай бойынша республика бойынша жыл басынан бері әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасының тұрақты деңгейі сақталып отыр, деп хабарлайды Kazinform.

    Статистика бюросының деректеріне сенсек, бірнеше тауар санаты бойынша бағаның тұрақты төмендеуі тіркелген. Мәселен, биыл жыл басынан бастап жұмыртқа бағасы 3 пайызға төмендеді.

    "Биыл ақпанда Сауда және интеграция министрлігі, салалық қауымдастықтар және сауда желілерінің өкілдері арасында меморандумға қол қойылды. Оған сәйкес С1 санатындағы жұмыртқаның максималды сату бағасы ҚҚС есебімен бір данасына 55 теңгеден аспайтын көлемде белгіленді. Келісім шеңберінде сондай-ақ шекті сауда үстемесінің сақталуы мен қосымша үстемеақылардың алынып тасталуы қамтамасыз етіледі", — делінген Сауда комитеті хабарламасында.

    Бюро мәліметінше, сәуірде жұмыртқа бағасының индексі тұрақты болып қалды, ал соңғы аптаның қорытындысы бойынша (8-15 сәуір аралығында) баға өзгермеді. Мысалы, 2025 жылғы қаңтарда С1 санатындағы 10 жұмыртқаның орташа бағасы 548 теңге, ақпанда — 546 теңге, наурызда — 536 теңге, ал сәуірде — 531 теңге болды.

    Сонымен қатар арзандаған тауарлар:

    • Күріш — жыл басынан бері 4,7% — ға төмендеді
    • Ұн — 1,8%
    • Қарақұмық жармасы — 0,3%.

    Сүзбе, күнбағыс майы мен рожки сияқты маңызды өнімдердің тұрақты бағасы байқалады — соңғы аптаның қорытындысы бойынша баға индекстері өзгеріссіз қалды немесе 0,1% шамалы ауытқуды көрсетті.

    Сонымен қатар көкөніс бағасының орташа қымбаттауы байқалады: қырыққабат — 3,5%, сәбіз — 1,6%, пияз — 1,8% және картоп-1,7%. Көкөніс тобындағы бағаның өсуі маусымдық кезеңге байланысты. Әдетте маусымаралық сақтау мен логистика шығындарының артуына орай көкөніс бағасында өзгерістер болады.

    Айта кетелік ең жоғары азық-түлік бағасының өсімі Ақмола облысында. Ең төмен өсім Жамбыл, Қостанай және Түркістан облыстарында тіркелген еді.

    Статистика: Қазақстанда жұмыртқа, күріш пен ұн арзандады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.