jitsu gif
Қаржы

    "Соңғы 5 жылдағы рекорд": былтыр республикалық бюджеттің шығыстары 13 рет өзгертілген

    Ақша
    Ақша. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    2024 жылғы республикалық бюджет шығысының тең жартысы Ұлттық қор мен қарыз есебінен жабылған. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата мүшесі Нұрлан Нұржанов мәжілісте айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Республикалық бюджеттің шығыстарына 13 рет өзгерістер енгізілген. Бұл соңғы 5 жылдағы рекордтық көрсеткіш болып отыр. Нәтижесінде бюджеттің шығыс бөлігінің 26 пайызы (6,2 трлн теңге) қайта қаралды. Мұндай жиі енгізілетін өзгерістер бюджеттік жоспарлаудың болжамдылығына нұқсан келтіре отырып, қысқа мерзімді шешімдерге баса назар аударуға бағытталғанын көрсетеді", - деді ол мәжілістің отырысында.

    Сондай-ақ Нұрлан Нұржанов былтыр Ұлттық қор асқан ысырапшылдықпен пайдаланылғанын айтты.

    "Республикалық бюджет шығыстарының жартысына жуығы Ұлттық қордан бөлінетін трансферттер мен алынатын қарыз қаражаты есебінен өтеледі. Қаржыландырудың басқа көздеріне тәуелділіктің өсуі қаржылық тұрақтылықты төмендетіп, бюджеттің атқарылуына байланысты проблемаларға әкелді. 2024 жылы республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында қаражаттың жетіспеуіне байланысты 422 млрд теңге игерілмеді," - деді Нұрлан Нұржанов.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.