jitsu gif
Қаржы

    Соңғы үш жылда Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді

    Алматы
    Фото: Алматы қаласының әкімнің баспасөз қызметі

    2024 жылы Алматы экономикасы 2021 жылмен салыстырғанда 20,7%-ға өсті. Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) 56,6%-ға артып, 27 557 АҚШ долларына жетті (2021 жылы – 17 595 АҚШ доллары).

    Алматы Қазақстанның инвестициялық орталығы мәртебесін сақтап отыр. 2022-2024 жылдар аралығында қала экономикасына негізгі капиталға шамамен 5,2 трлн теңге инвестиция тартылып, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 52,4%-ға артқан.

    Құбырларды ауыстыру
    Фото: Алматы қаласының әкімнің баспасөз қызметі

    Шағын және орта бизнес (ШОБ) Алматының экономикалық дамуының негізгі қозғаушы күші болып табылады. ШОБ-тың қала экономикасындағы үлесі 2021 жылғы 47,5%-дан 2024 жылы 60,3%-ға дейін өсті.

    Кәрізді ауыстыру
    Фото: Алматы қаласының әкімнің баспасөз қызметі

    ШОБ секторы жұмыспен қамтудың басты көзі болып қала береді – мұнда қаладағы жұмыспен қамтылған халықтың 90%-ы немесе 972,1 мың адам жұмыс істейді.

    2025 жылы алғаш рет Алматы қаласының бюджеты 2,4 трлн теңгеден асты. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың басымен салыстырғанда 2,3 есе жоғары (2022 жылы – 1 070 млрд теңге).

    Құбырларды орнату
    Фото: Алматы қаласының әкімнің баспасөз қызметі

    Даму бюджеті 622 млрд теңгеге дейін ұлғайып, 2022 жылмен салыстырғанда 2,9 есеге артты (2022 жылы – 213 млрд теңге).

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.