jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    АҚШ Қазақстан тауарларына жаңа тарифтер белгіледі: Сауда министрлігі ресми мәлімдеме жасады

    ақша және калькулятор
    Ақша және калькулятор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазақстан тауарлары үшін белгіленген АҚШ-тың жаңа тарифтеріне қатысты еліміздің Сауда және интеграция министрлігі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "2025 жылдың 7 шілдесінде АҚШ президентінен биылғы жылдың 1 тамыздан бастап бірқатар елге, оның ішінде Қазақстанға қатысты жаңа импорттық баждар енгізілетіні туралы ресми хабарлама келіп түсті. Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын өнімдер үшін жеткізілімдердің барлық көлеміне 25 пайыздық бірыңғай мөлшерлеме белгіленген.

    Алайда қазақстандық экспорттың басым бөлігі – мұнай, уран, күміс, ферроқорытпа, тантал және титан сияқты негізгі шикізат пен стратегиялық тауарлар – жаңа тарифтердің қолданыстан алынуына байланысты жаңа бажсыз жеткізілуін жалғастыра береді. Қабылданған шаралар Қазақстан экспортының шамамен 95 пайызына әсер етпейді деп күтілуде.

    Қазақстандық тауарларға болжамды сауда режимін сақтау мақсатында Қазақстан үкіметі АҚШ әкімшілігіне өзара сауда шарттарын жақсарту жөніндегі нақты шаралар мен бастамаларды жолдады. Қазақстан мақсаты – нарыққа қол жеткізу және сауда шарттары мәселелері бойынша келісілген шешімдер қабылдау.

    Қазіргі уақытта Америка тарабы Қазақстан ұсыныстарын қарастыруда және келіссөздерді  өткізу күні туралы хабарлайды.

    Қазақстан ұлттық мүдделерін қорғау және тұрақты сауда-экономикалық әріптестікті дамыту мақсатында Америка тарапымен одан әрі келіссөздер жүргізуге дайын", - делінген мәлімдемеде.

    Сауда министрлігінің мәліметінше, Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2024 жылы 4,2 млрд АҚШ долларын құраған, бұл оның алдыңғы жылмен салыстырғанда 4 пайызға жоғары (4,1 млрд АҚШ).

    Қазақстаннан АҚШ-қа экспорттың негізгі тауарлар: шикі мұнай – 1,1 млрд АҚШ доллары (үлесі – 56,2 пайыз), уран – 322,9 млн АҚШ доллары (16,4 пайыз), күміс – 239,9 млн АҚШ доллары (12,2 пайыз), ферроқорытпалар – 188,2 млн АҚШ доллары (9,5 пайыз), тантал және одан жасалған бұйымдар – 17,6 млн АҚШ доллары (0,89 пайыз) және басқалар.

    Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2025 жылғы қаңтар-мамырда 1 265,8 млн АҚШ долларын құраған. 2025 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстаннан АҚШ-қа экспорт көлемі 418,2 млн АҚШ долларына тең болған.

    Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд бірнеше елдің басшысына соның ішінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жазған хатын жариялаған еді.

    Трамптың хатында 1 тамыздан бастап Қазақстаннан келетін барлық тауарға 25 пайыз баж салығы салынатыны айтылған.

    АҚШ Қазақстан тауарларына жаңа тарифтер белгіледі: Сауда министрлігі ресми мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.