jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Аи-92 бензині 39 күнге жетеді": энергетика вице-министрі Астанадағы жанар-жағармай қоры туралы айтты

    Көлікке бензин құйып жатқан адам
    Көлікке бензин құйып жатқан адам. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс елорда тұрғындарымен кездесуде жанар-жағармай қоры туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Вице-министрдің айтуынша, қалада жанар-жағармай қоры жеткілікті.

    "Аи-92 бензині – 39 күнге, дизель отыны – 39 күнге жетеді. Министрлік әкімдік пен монополияға қарсы органдармен бірлесе отырып, баға мен логистика бойынша тұрақты мониторинг жүргізеді. Ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында кейбір мұнай өнімдерін сыртқа шығаруға тыйым салынған", - деді ол.

    Бақытжан Ілиястің мәліметінше, Астанада сұйытылған газдың бөлшек саудадағы бағасы – литріне 102 теңге.

    Қалада 6 газ толтыру станциясы және 73 автомобильге арналған газ құю бекеті жұмыс істейді.

    Бұдан бөлек, халықпен кездесуде вице-министр энергетика, газдандыру салаларындағы негізгі нәтижелер мен басымдықтарды таныстырды.

    "Аи-92 бензині 39 күнге жетеді": энергетика вице-министрі Астанадағы жанар-жағармай қоры туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.