jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

    Ұлттық банк ғимараты
    Ұлттық банк ғимараты. Фото: NUR.KZ

    Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5 пайыз деңгейінде сақтап қалды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

    Ұлттық банктің мәліметінше, инфляциялық факторлардың қалыптасқан балансы, оның қазіргі қарқынды динамикасы, проинфляциялық үрдістер мен сыртқы ортадағы белгісіздік базалық мөлшерлемені қазіргідей деңгейде 2025 жылдың соңына дейін сақтау ықтималдығына айтарлықтай себеп болып отыр.

    "Сонымен бірге Ақша-кредит саясаты комитеті қажет болған жағдайда базалық мөлшерлемені көтеру мүмкіндігін де жоққа шығармайды.

    Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім болжамды раундтың нәтижелеріне негізделетін болады, оның аясында макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамдары да жаңартылады", - делінген хабарламада.

    Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2025 жылғы 29 тамызда Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

    Айта кетейік, Ұлттық банк маусым айында да базалық мөлшерлемені 16,5 пайыз деңгейінде сақтап қалған еді.

    Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.