jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанда киік етінің келісі қанша теңге тұратыны белгілі болды

    киік
    Киік. Иллюстрациялық фото: Dmitry Rogulin\TASS via Getty Images

    Ауыл шаруашылығы министрлігі киік етінің бағасын жариялады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

    Агенттіктің министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазуынша, киік етінің ұсынылатын құны – бір килограмына 1600 теңге.

    Агентіктің мәліметінше, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров киік етінің нақты бағасы 10 күн ішінде анықталатынын хабарлаған.

    "Жұмыс енді ғана басталды, бұл іспен Экология және табиғи ресурстар министрлігі айналысып жатыр. Біздің міндет – ет комбинаттарын қамтамасыз ету. Қазір 18 кәсіпорын тіркелген, оларда ветеринарлық мамандар да жұмыс істейді.

    Баға, логистика және сату форматына байланысты одан арғы процесс анықталады. Бір апта ішінде, әрі кетсе 10 күнде нақты мәлімет береміз", - деген еді ол үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысы аумағында киік санын реттеу жұмыстары басталғанын, бұл 30 қарашаға дейін жалғасатынын жазған едік.

    Қазақстанда киік етінің келісі қанша теңге тұратыны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.