Тоқаев бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша жиын өткізді
Опубликовано:
Ақордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономика және бюджетті жоспарлау мәселелері жөніндегі жиын өтті. Бұл туралы мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Іс-шараға премьер-министр Олжас Бектенов, Президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов, премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин және басқа да лауазымды тұлғалар қатысқан.
Жиында ұлттық экономиканың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы, сондай-ақ 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттің параметрлері туралы баяндамалар жасалған.
Талқылау барысында мемлекет басшысы республикалық және жергілікті деңгейде қаржыны тиімді жоспарлау мен бөлудің маңызы зор екенін атап өткен.
"Президент бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге, барлық әлеуметтік міндеттеме мен өңірлердің ұзақмерзімді жоспарларын қаржыландыруға, сонымен қатар қаражатты мақсатқа сай бөлуге және игеруге баса назар аудару қажет деп санайды", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2277192-toqaev-biudzhetti-zhosparlau-maseleleri-boiynsha-zhiyn-otkizdi/