jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    2026 жылы студенттерге төленетін шәкіртақы мөлшері қандай

    Блокнотқа салынған ақша
    Блокнотқа салынған ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    2026 жылы студенттерге төленетін стипендия мөлшері белгіленді, деп хабарлайды Astana TV.

    Телеарна мәліметіне сәйкес, жаңа жылдан бастап бакалавр дәрежесінде оқитын студенттерге 52 000 теңге шәкіртақы тағайындалады.

    Педагогика саласының болашақ мамандарына берілетін стипендия 84 000 теңге көлемінде болады. Магистратурада оқитын студенттерге 117 000 теңге шәкіртақы беріледі. Ал докторантурада білім алып жатқан азаматтардың стипендиясы 262 000 теңгеден асады.

    Сонымен қатар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге төленетін шәкіртақы мөлшері 30 пайызға жоғары болмақ. Үздік студенттерге де көбірек шәкіртақы беріледі — олар жаңа жылда 15 пайыздық үстемеақы алады.

    2026 жылы студенттерге төленетін шәкіртақы мөлшері қандай

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.