jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Астанада ауыз су тарифі өсуі мүмкін

    Ауыз су
    Ағып тұрған су. Көрнекі фото: pixabay.com

    Астанада ауыз судың орташа тарифі — текше метріне 158 теңге. Енді келер жылдан бастап оның мөлшері 68 теңгеге өсуі мүмкін, деп хабарлайды 24.kz.

    Бұл туралы бас қаланың су арнасы мәлімдеді. Коммуналдық кәсіпорын есебінде су бұру және тазарту қызметі бойынша орташа тариф 44 пайызға көтерілетіні айтылған. Яғни қазір орташа тариф текше метріне 174 теңге болса, келер жылы 251 теңгені құрауы мүмкін.

    Сондай-ақ 2027 жылдан 2030 жылға дейінгі кезеңде тарифтердің жыл сайынғы өсуі шамамен 11 пайыз мөлшерінде болады деп болжанып отыр. Бұған негізгі себеп — еңбекақы қоры мен материалдық шығындар.

    "Тарифтің өздеріңізге белгілі өсімі бар. Бірақ ол өсімнің негіздері бар. Біріншіден, жұмысшылардың жалақысын көтеру. Астана су арнасы мекемесінің басқа мекемелерге қарағанда жалақылары төмен. Орташа жалақы 390 мың теңге. Біз алда осы сұрақтарды қарайтын боламыз", - дейді ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитетінің астана қаласы департаменті басшысы Жандос Сәлімов.

    Астанада ауыз су тарифі өсуі мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.