jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Кірістер – 19,2 трлн теңге": үкімет 2026 жылғы бюджеттің негізгі параметрлерін ұсынды

    Ақша және калькулятор
    Ақша. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Мәжілістің жалпы отырысында қаржы министрі Мәди Такиев 2026 жылға арналған бюджеттің негізгі параметрлері туралы баяндады. Бұл туралы үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Айта кетейік, бүгін мәжілісте "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы қаралып жатыр.

    Мәди Такиевтің айтуынша, бюджет параметрлері келесідей қалыптасқан.

    "2026 жылға түсімдер 23,1 трлн теңге деңгейінде болжанып отыр. Оның ішінде (трансферттерді есептемегенде) кірістер 19,2 трлн теңгені құрайды. Экономиканың өсіміне, жаңа Салық кодексінің қабылдауына, оның ішінде салықтық және кедендік әкімшілендіруге байланысты, осы жылмен салыстырғанда кірістер 3,6 трлн теңгеге артып отыр. Бұл, мемлекеттік қаржының тұрақтылығына алып келеді", - деді министр.

    Бұл ретте бюджет шығыстары 27,8 трлн теңгені құраған, яғни осы жылмен салыстырғанда 2 трлн теңгеге артық.

    Мәди Такиев 2026 жылы бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,5 пайыз деңгейінде, ал 2028 жылға қарай 0,9 пайызға дейін төмендеуі болжанып отырғанын атап өтті.

    Бұл бюджеттік тәртіпті нығайтуға және борыштық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

    "Кірістер – 19,2 трлн теңге": үкімет 2026 жылғы бюджеттің негізгі параметрлерін ұсынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.