jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Қазақ хандығы осы аймақта құрылған":Тоқаев Жамбыл облысының экономикасын күшейту керектігін айтты

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесуде мемлекет басшысы өңірдің экономикасын күшейту керектігін айтты, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Жамбыл облысының ахуалы әкім Ербол Қарашөкеевтің баяндамасына қарағанда жаман емес. Бірақ облыстың алдында маңызды, өзекті мақсаттар тұр. Бұл мақсаттарды толығымен орындау – әкімнің және бүкіл қызметшілердің ең негізгі міндеті.

    Облыстың экономикасын күшейту керек. Оған қажетті жағдай да, мүмкіндік те бар. Белсенді жұмыс басталды. Жұмыстың қарқынын бәсеңдетуге болмайды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Президент Тараз – ұлтымыздың асқақ рухы, бай мәдениеті, елдік мұраты және ерлік дәстүрі тоғысқан қала екенін, бұл – ежелгі өркениеттің ізі қалған жер екенін атап өтті.

    "Шежірелі шаһардың жұртымыз үшін орны ерекше. Біз Тараздың екі мың жылдық тарихын мақтан етеміз. Әулиеата жерінде мемлекеттігіміздің тұғырын нығайтқан талай тарихи оқиғалар болды. Қазақ хандығы осы аймақта құрылған. Көне қала тоғыз жолдың торабында тұр.

    Ежелгі Ұлы Жібек жолы қарт Қаратаудың етегін басып өткен. Әйгілі керуен жолы жаңа заманда жаңа қарқынмен дамып келеді", - деді мемлекет басшысы.

    Президенттің айтуынша, "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" көлік дәлізі де Жамбыл жері арқылы өтіп жатыр.

    "Соның арқасында аймақтың стратегиялық маңызы артуда. Жамбыл облысы күн өткен сайын өркендеп келеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    "Қазақ хандығы осы аймақта құрылған":Тоқаев Жамбыл облысының экономикасын күшейту керектігін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.