jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    БҚО әкімдігі мен "KAZAKH INVEST" компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

    Меморандумға қол қою
    Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

    Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұловпен кездесті.

    Тараптар шетелдік инвесторларды қолдау және тарту мәселелерін жан-жақты талқылады. Аймақ басшысы бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті. Мәселен былтыр облыс делегациясы ҚХР-ға 2 рет іссапармен барып, нәтижесінде энергетика, машина жасау, АӨК және басқа салалар бойынша 19 жобаны іске асыру мәселелері жөнінде 11 инвестормен меморандумдар жасалды. Кездесуге ірі инвесторлардың бірі – Vega Power компаниясының басшысы да арнайы қатысты.

    Меморандумға қол қою
    Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

    Меморандумға қол қою
    Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

    Инвесторларға қолайлы жағдай қалыптастыру – жергілікті атқарушы органның басым бағыттарының бірі. Қазіргі таңда инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді шешу жолдарының бірі - индустриялық аймақ аумағында жүзеге асырылатын "Қожетімділік үшін төлем" тетігі. Тың тәсіл инженерлік инфрақұрылымды инвестордың қаражаты есебінен салуды, нысандар пайдалануға берілгеннен кейін индустриялық аймақтың қатысушылары мен мемлекет тарапынан шығындарды кезең-кезеңімен өтеуді көздейді.

    Меморандумға қол қою
    Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

    Кездесуде облыс әкімдігі мен "KAZAKH INVEST" компаниясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға және "Vega Power" холдингінің инвестициялық жобаларын іске асыру бойынша жол картасына қол қойылды.

    Меморандумға қол қою
    Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

    БҚО әкімдігі мен "KAZAKH INVEST" компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.