jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Қазақстанда Big Data & AI бойынша алғашқы қазақ тіліндегі мектеп ашылды

    Қазақстанда Big Data & AI бойынша алғашқы қазақ тіліндегі мектеп ашылды
    Фото: Big Data KZ

    Қазақстанда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласына қызығушылық жылдан жылға артып келеді. Соңғы жылдары IT мамандарына деген сұраныс күшейіп, Big Data және Artificial Intelligence (AI) бағыттары еңбек нарығындағы ең перспективалы салалардың біріне айналды. Осы үрдіске жауап ретінде Қазақстанда Big Data және AI бойынша алғашқы қазақ тіліндегі Big Data KZ білім беру мектебі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды компания өкілдері.

    Жаңа мектептің басты ерекшелігі – оқу процесінің толықтай онлайн форматта, тікелей куратордың қатысуымен өтуі. Студенттер сабақ барысында куратормен тұрақты байланыста болып, сұрақтарын нақты уақыт режимінде қоя алады. Күрделі IT бағыттары қазақ тілінде, практикалық негізде түсіндіріліп, әр тақырып нақты мысалдар мен тапсырмалар арқылы бекітіледі.

    Қазақстанда Big Data & AI бойынша алғашқы қазақ тіліндегі мектеп ашылды
    Фото: Big Data KZ

    Мектеп ашылған сәттен бастап жобаға деген қызығушылық жоғары болды. Python бағдарламалау тілі бойынша алғашқы оқу тобы қысқа мерзім ішінде толық жиналып, сабақтар басталып кетті. Қазіргі таңда Data Engineering бағыты бойынша 6 айлық негізгі курсқа іріктеу ашық. Бұл бағыт деректермен жұмыс істеу, үлкен көлемдегі ақпаратты өңдеу және деректер инфрақұрылымын құруға бағытталған.

    Қазақстанда Big Data & AI бойынша алғашқы қазақ тіліндегі мектеп ашылды
    Фото: Big Data KZ

    Оқу бағдарламасы 6 айға жоспарланған. Осы кезеңде студенттер теориямен қатар практикалық тапсырмалар, кейстер және нақты жобалармен жұмыс істейді. Сабақтар онлайн форматта, тікелей куратормен байланыс арқылы өтетіндіктен, студенттер оқу процесіне толыққанды қатысып, материалды терең меңгеруге мүмкіндік алады.

    Сонымен қатар мектепте модульдік форматта бөлек білім алу мүмкіндіктері де қарастырылған. Атап айтқанда:

    • Apache Spark модулі бойынша жеке сабақ алу
    • Python бағдарламалау тілінен базалық білім алу мүмкіндігі бар.

    Бұл формат IT саласына енді қадам басып жатқан немесе белгілі бір бағытты тереңдетіп оқығысы келетін мамандар үшін ыңғайлы.

    Қазақстанда Big Data & AI бойынша алғашқы қазақ тіліндегі мектеп ашылды
    Фото: Big Data KZ

    Мектептің маңызды артықшылықтарының бірі – HR қолдаудың болуы. Оқу барысында студенттерге:

    • жұмыс іздеу стратегияларын құру,
    • кәсіби резюме дайындау,
    • сұхбаттан (собеседование) өту тәсілдері,
    • қажетті құжаттарды рәсімдеу

    бойынша толық бағыт-бағдар беріледі. Бұл бағытта студенттермен жеке жұмыс істейтін арнайы қолдау маманы бар, ал мақсат – студентті тек оқытып қана қоймай, оны еңбек нарығына дайын күйде шығару.

    Сарапшылардың пікірінше, осындай форматтағы қазақ тіліндегі білім беру жобалары отандық IT кадрларын даярлауға, жастардың технологиялық салаларға қызығушылығын арттыруға және елімізде жасанды интеллект экожүйесінің дамуына оң әсер етуі мүмкін.

    Оқу бағдарламасы, іріктеу шарттары мен қолжетімді бағыттар туралы толық ақпаратты мектептің Instagram парақшасынан алуға болады. Сонымен қатар қызығушылық танытқан азаматтар менеджермен тікелей байланысып, оқу форматы мен бағыттар бойынша жеке кеңес ала алады.

    *PR құқығында.

    Қазақстанда Big Data & AI бойынша алғашқы қазақ тіліндегі мектеп ашылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.