jitsu gif
Қаржы

    Министрлік әуежайда тексерілмейтін тұлғалардың тізімі туралы ақпаратқа түсініктеме берді

    Әуежай11
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Бұқаралық ақпарат құралдарында көлік инфрақұрылымы объектілерінде тексерілмейтін тұлғалардың тізіміне қатысты жарияланған ақпаратқа Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

    Бұл тізім үкіметтің 2014 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысымен бекітілген.

    Алайда, заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты 2021 жылдың соңында мұндай тізбені бекіту құқығы көлік саласындағы уәкілетті орган – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілді.

    Осы шешімге сәйкес 2022 жылғы 18 сәуірде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі № 213 бұйрыққа қол қойып, бұрын қолданыста болған тізімдер қайта бекітілді:

    • тексеру жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің тізімі;
    • тексеру жүргізілмейтін тұлғалардың тізімі;
    • көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тізімі.

    Айта кетейік, аталған бұйрық тек вокзалдар, метро станциялары мен теңіз портына, әуежайларға, жолаушылар терминалдары жоқ әуе айлақтарына кіру кезінде тексеруге қатысты жүзеге асырылады.

    Алайда бұл құжат Қазақстан Республикасының кеден және шекара қызметі органдарының тексеру жүргізу талаптарына қатысты қолданылмайды.

    Еске сала кетсек, "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңның 24-1-бабының талаптарына сәйкес терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамада белгіленген қауіп-қатер деңгейіне байланысты жолаушылар және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдар, олардың алып жүретін заттары, оның ішінде қол жүгі мен багажы тексеріледі. 

    Министрлік әуежайда тексерілмейтін тұлғалардың тізімі туралы ақпаратқа түсініктеме берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.