jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Бақытжан Отарбаева
    Бақытжан Отарбаева
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда дәмханаларда қызмет көрсеткені үшін алынатын міндетті 10 пайыздық ақы алып тасталуы мүмкін

    Ақша салынған әмиян
    Ақша салынған әмиян. Көрнекі сурет: Igor Bastrakov/Getty Images

    Сенат отырысы аясында өткен баспасөз мәслихатында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанда дәмханалар мен мейрамханаларда қызмет көрсеткені үшін алынатын міндетті 10 пайыздық ақыны алып тастайтын ережелер әзірленіп жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Сенат кулуарында Сауда министрлігінің басшысы Арман Шаққалиев қандай ережелер әзірленіп жатқанын айтты.

    "Ішкі сауда ережелерімізге өзгерістер әзірлеп жатырмыз. Біздің ойымызша, қызмет ұсынылып, оған қызмет көрсету ақысы кіретін болса, көрсетілген қызметке қосымша ақы алынбауы керек. Біз қазір осындай ережелерді талқылап жатырмыз. Барлық бизнес мұндай өзгерістерді қолдауға дайын емес екені түсінікті, бірақ біз осындай өзгерістер әзірлеп жатырмыз, бұл шайпұлдарға, түрлі депозиттерге, жарналарға қатысты", - деді министр Шаққалиев.

    Сауда және интеграция министрлігінің басшысының пікірінше, егер азамат мекемеде "заңды түрде қызмет көрсетілуін" қаласа, оны мекемедегі төлем шарттарымен таныстыруы керек.

    "Келуші осы шарттармен танысып және келісім беруі керек. Тұтынушының келісімі осы мекемеге кіріп, тапсырыс бергенінен көрінеді", - деді ол.

    Министр бұл жерде шоттағы қызмет үшін алынатын 10 пайыздық ақы туралы сөз қозғалып тұрғанын айтты.

    "Біз әзірлеп жатқан өзгерістерге сәйкес, қызметтің құнының ішіне қызмет көрсету ақысы қосылған болса, қосымша ақы немесе ақшалай сыйақы болмауы керек. Егер мұны келуші өз қалауымен бергісі келсе ғана береді. Оған көрсетілген қызмет ұнап, өзі қосымша ақы төлегісі келсе ғана беруіне болады. Ал қазір қызмет көрсету орындарында қосымша ақы чекте міндетті атрибут ретінде тұр",- деді министр.

    Қазақстанда дәмханаларда қызмет көрсеткені үшін алынатын міндетті 10 пайыздық ақы алып тасталуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.