jitsu gif
Қаржы

    Бас прокурор қайғылы жол апаттары қай өңірде жиі болатынын айтты

    Берік Асылов
    Берік Асылов. Фото: Бас прокуратура баспасөз қызметі

    Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов X әлеуметтік желісіндегі парақшасында қазақстандықтар жол апатынан жиі қаза болатын аймақтарды атап, прокурорларға тапсырма берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды

    Бас прокурордың айтуынша, былтырмен салыстырғанда Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының саны 90 пайызға артқан.

    "Жол апатынан құрбан болғандар саны өсіп барады. Батыс Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Абай, Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Шымкентте жол апаты көп.

    Осыған орай, мен прокурорларға мемлекеттік органдармен бірге оның себептерін егжей-тегжейлі тексеруді тапсырдым. Бұл ретте нақты шаралар әзірленіп, бірінші кезекте жолдардағы апатты жағдайлары жиі болатын учаскелеріне назар аударылады", - деп жазды Асылов.

    Айта кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігі Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының көбейгенін хабарлаған болатын. Ведомство өкілдері жыл сайын Қазақстанда жол-көлік оқиғаларынан 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 19 мыңнан астам адам түрлі жарақаттар алатынын мәлімдеген еді.

    2024 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының салдарынан 981 адам қаза тауып, 12 мыңнан астам адам жарақат алған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.