jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    15 қыркүйекке дейін: қазақстандықтарға жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңіне байланысты үндеу жасалды

    Декларация құжаттары
    Декларация құжаттары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    "Азаматтарға арналған үкімет" өкілдері қазақстандықтарға 270.00-нысан бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны онлайн режімде тапсыруға болатыны туралы үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мемлекеттік корпорация өкілдерінің мәліметіне сәйкес, жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңіне жататын қазақстандықтар 270.00 нысаны бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны 15 қыркүйекке дейін тапсыруға тиіс.

    "Мұны eGov.kz порталы және eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн режімде жасауға болады.

    Декларацияны мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруға міндетті. Есептілік активтер мен міндеттемелер туралы "кіріс" декларациясы (250.00-нысан) тапсырылғаннан кейін ұсынылады", - делінген хабарламада.

    270.00 нысаны кіріс туралы ақпаратты, сондай-ақ шетелдегі мүлік: жылжымайтын мүлік, көліктер, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, инвестициялық алтын және шетелдік компаниялардағы үлестер туралы мәліметтерді қамтиды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама шеңберінде ірі сатып алулар мен шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтер көрсетіледі.

    Қызметті eGov.kz порталында пайдалану үшін пайдаланушыға:

    • порталға авторизацияланып, "Азаматтарға" - "Кеден және салықтар" - "Салық салу" бөліміне өту қажет;
    • "Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қабылдау (270.00- нысан)" қызметін таңдаңыз және қажетті деректерді толтырыңыз.
    • мемлекеттік кіріс органын көрсетіңіз.
    • қолжетімді қол қою әдістерінің бірі арқылы қызметке қол қойыңыз;
    • "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінен өзіңіздің жеке кабинетіңіздегі өңдеу мәртебесін қарап тексеріңіз.

    Қызметті eGov Mobile мобильді қосымшасында пайдалану үшін пайдаланушы:

    • eGov мобильді қосымшасына авторизациялауды жасап, "Қызметтер" бөлімінде "Салық және қаржы" бөліміне өтуі қажет;
    • "Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қабылдау (270.00-нысан)" қызметін таңдап, қажетті деректер нысанын толтырыңыз;
    • мемлекеттік кіріс органын көрсетіңіз;
    • қолжетімді қол қою әдістерінің бірі арқылы қызметке қол қойыңыз;
    • "Қызметтерді алу тарихы" бөліміндегі жеке кабинетіңіздегі өңдеу мәртебесін тексеріңіз.

    Сондай-ақ, декларацияны kgd.gov.kz порталында және eSalyq Аzamat мобильді қосымшасында "Салық төлеуші кабинеті" арқылы тапсыруға болады.

    15 қыркүйекке дейін: қазақстандықтарға жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңіне байланысты үндеу жасалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.