jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандықтарға "жаңа төлемдер" берілетіні рас па: министрлік өкілі жауап берді

    Қолдағы ақша
    Тенге купюралары. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтарға ҚҚС бойынша өтемақы төленеді деген ақпарат тарай бастады. Еңбек министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әлеуметтік желідегі ақпараттарға сүйенсек, тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз біреулер сілтеме бойынша өтуді ұсынады.

    Алайда министрлік мұндай әлеуметтік көмек түрі жоқ екенін ескертті.

    "Мессенджерлерде және әлеуметтік желілерде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚҚС бойынша өтемақы енгізді деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

    Еңбек министрлігі хабарламада көрсетілген сілтеме шабуылдаушылар үшін пайдаланушыдан жеке деректерді алудың бір жолы болуы мүмкін деп қосты.

    "Алаяқтарға алданып қалмас үшін сілтемені баспауға кеңес береміз. Қажетті мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен SMS хабарламалар түрінде таратылады. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сенуді сұраймыз", - деп шақырды министрлік.

    Қазақстандықтарға "жаңа төлемдер" берілетіні рас па: министрлік өкілі жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.