jitsu gif
Қаржы

    Енді қызмет бабында қаза тапқандардың отбасына баспана берілуі мүмкін

    тұрғын үй кешені
    Тұрғын үй. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстанда қызмет бабында қаза тапқандардың отбасына енді баспана берілуі мүмкін. Бұл туралы мәжілістің баспасөз қызметі Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    Заңда мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери борышын өтеу кезінде, адам өмірін сақтап қалу және құқықтық тәртіпті сақтау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасына тұрғын үй беру ұсынылып отыр. Жергілікті атқарушы органдар осы санаттағы азаматтарды қызметкер қайтыс болған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндетті болады.

    Сонымен қатар мемлекеттік қолдау шаралары аясында берілетін тұрғын үйдің жалпы көлемінің кемінде 70 пайызы 1 және 2 топтағы мүгедектерге, мүгедек балалары бар және оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлері немесе бұрын "Батыр ана" атағымен, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталғандарға, көп балалы отбасылар мен жесірлерге беріледі.

    Бұл топқа Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен соларға теңестірілген басқа да әскери қимыл ардагерлері кіреді.

    Енді қызмет бабында қаза тапқандардың отбасына баспана берілуі мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.