Шымкентте АӘК алушыларға газ төлеміне қатысты жеңілдік берілмек (видео)
Жарияланған күні:

Шымкентте атаулы әлеуметтік, тұрғын үй көмегін алушыларға газ төлеміне қатысты жеңілдік беріледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"QazaqGaz Aimaq" АҚ пилоттық жобасы аясында Шымкент қаласы әкімінің қолдауымен атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) және тұрғын үй көмегін алушылар газ төлеміне ай сайынғы жеңілдікті "Әлеуметтік әмиян" қызметіндегі eGov Mobile қосымшасы арқылы ваучер түрінде ала алады.
2024 жылдың желтоқсанынан бастап 2025 жылдың сәуірін қоса алғанда, атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушыларға 1414 нөмірінен тауарлық газ төлеміне жеңілдіктер туралы ай сайын SMS жіберіледі. Ваучерді әлеуметтік әмиян қызметінде желтоқсанның 25-іне дейін қосуға болады.
Ыңғайлы болу үшін тұтынушылар өтініште тек тұрғылықты мекенжайының есепшотын көрсету қажет. Тұрғын үй құжаттары ұсынылмайды. Жеңілдік мөлшері газға есептелген соманың 24 пайызына дейін жетуі мүмкін. Жеңілдік әкімдікпен бекітілген тұтыну нормасына сай тұтынылған газ көлеміне берілмек.
Айта кетерлігі, пилоттық жоба бес ай ішінде жүзеге асырылады. Бұл бастама президенттің "Әділетті Қазақстан: құқықтық тәртіп, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм" атты жолдауы аясында жүзеге асырылуда, онда мемлекет басшысы азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өткен еді.
Толық ақпаратты және бейне нұсқауларды "QazaqGaz Aimaq" АҚ сенім телефоны (қысқа нөмір 5169) немесе aimaq.kz сайты арқылы алуға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/pension/2196369-shymkentte-aak-alushylarga-gazga-zhengildik-berilmek-video/