Қаржы

Зектілері

Неге 2022 жылғыдай депозиттерге сыйақы аударылмаған: Ұлттық банк басшысы жауап берді

Жарияланған күні:

Ақша санап тұрған әйел
Ақша. Көрнекі фото: freepik.com

Бүгін кулуарында Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменовке 2022 жылғыдай қазақстандықтардың депозиттері үшін өтемақы (сыйлық) неге төленбегені жөнінде сұрақ қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Журналистер Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменовке 2022 жылы доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өскен кезде Қазақстан Ұлттық банкі қазақстандықтар депозиттен ақшаны шығармаған жағдайда өтемақы (сыйақы) беру туралы шешім қабылдағанын еске салды.

Осыдан орынды сұрақ туындайды: жағдай бірдей болса, неге биыл қазақстандықтарға депозиттері үшін өтемақы төленбейді?

"Ол кезде мүлдем басқа геосаяси жағдайлар болды. 2022 жылы доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 400-ден бірден 530-ға дейін қымбаттады.

Екіншіден, ол кезде депозит мөлшерлемесі 8-9 пайыз шамасында ғана еді, қазір 15 пайызға жетті. Екі жыл бұрын ауыр жағдайға байланысты үкімет те, Ұлттық банк те адамдардың депозиттегі ақшаны алып, доллар сатып алуына жол бермеуін ойлады. Оны сақтап қалу үшін сыйақы беруге шешім қабылдады", - деп жауап берді Тимур Сүлейменов.

Сүлейменовтің айтуынша, қазіргі жағдайда теңгемен депозитті сақтау әлдеқайда тиімді.

"Шынымды айтсам, теңгемен депозитті сақтау, долларға қарағанда жеңілірек деп ойлаймын. Сондықтан мұндай бағдарлама қарастырылмайды. Оның үстіне сыйақы айтарлықтай үлкен фискалдық шығындарды талап етеді. Қазір мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктері шектеулі екенін де ұмытпаған жөн", - деді Сүлейменов.

Бұған дейін Ұлттық банкте жұмада өткен брифингте Тимур Сүлейменов азаматтар Қазақстанда базалық мөлшерлеме көтерілген сәтте табыс таба алатынын мәлімдегенін еске саламыз. Оның айтуынша, теңгемен сақталған қаражаттың табысы көп болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/pension/2196651-nege-depozitke-2022-zhylgydai-syiaqy-tolenbeidi-ulttyq-bank-basshysy-zhauap-berdi/