Елімізде зейнетақы тағайындау үшін пилоттық режимде жаңа тәсіл енгізілді
Опубликовано:
Қазақстанда зейнетақы тағайындау үшін пилоттық режимде жаңа тәсіл енгізілді. Бұл туралы үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Вице-министрдің айтуынша, бұрын зейнетақы тағайындау процесі күрделі және азаматтардың жеке қатысуын талап ететін.
Сондай-ақ төлемдерді алу үшін өтініш беру, құжаттарды жинау және жұмыс тәжірибесін растау қажет болды. Қағаз деректерін өңдеу кідірістер мен кезек тудырды.
"Бүгінде пилоттық режимде принципті жаңа тәсіл енгізілді. Жасы бойынша скоринг негізінде жүйе зейнетақы ісін автоматты түрде қалыптастырады, еңбек өтілі туралы мәліметтерді тексереді және азамат тарапынан өтініш жасамай-ақ төлемдерді проактивті тағайындайды.
Трансформация қызмет көрсету мерзімін 10 күннен 1 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді", - деді Қаныш Төлеушин.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/pension/2270010-elimizde-zeinetaqy-tagaiyndau-ushin-pilottyq-rezhimde-zhanga-tasil-engizildi/