jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Алматыда Central Avenue 2-2 тұрғын кешенінің кілттері тұрғындарға табысталды

    Central Avenue
    Фото: BI Group

    Алматылық «Манхэттэн», Нью-Йорктың кішігірім бөлшегі – оңтүстік астанадағы Central Avenue тұрғын үй кешенін осылай әр түрлі атайды. Кешен 4 кезектен, 13 үйлерден тұрады. Жақында 2-2 кезегінің 66 отбасына жаңа қоныстарының кілттері табысталды. Жаңашылдық, ерекше стиль, түстердің үйлесімділігі – осының бәрі кешенді айрықша етеді.

    Жобаның сәулетінде Алматының қайталанбас табиғаты мен тау пейзаждары әсем көрініс тапқан. Стилі ерекше: фасад формалары ықшам әрі тік. Кешеннің орналасқан жері де айтарлықтай қолайлы. Сейфуллин көшесі мен әл-Фараби даңғылының қиылысында орналасқан. Қаржы орталығы, Esentai Mall, Forum Almaty сауда орталығы, Республики алаңы – осындай инфрақұрылымдық маңызды нысандарға жақын жерде орын тепкен.

    Central Avenue
    Фото: BI Group

    Бір камералы шыныпакетте орналасқан, энергия үнемдейтін терезелер орнатылған. Пәтерлер арасындағы қабырғалар темір-бетонды монолиттен және газоблоктан орындалған. Сенімді, сапалы әрі заманауи.

    Central Avenue
    Фото: BI Group
    «Кешеннің инновациялығын айқындайтын – сенімді қауіпсіздік жүйелері, кіріс-шығыс мүмкіндігі, автокөліктер кірмейтін аулалар. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін 24/7 бейнебақылау камералары жұмыс істейді. «Ақылды үй» жүйесі пәтерді қашықтықтан смартфон арқылы басқаруға мүмкіндік береді», - дейді жобаның дамыту бойынша менеджері Амир Дандыбаев.
    Central Avenue
    Фото: BI Group

    Әр қабатта 3-5 пәтерден орналасқан. Кешен түрлі қабатты үйлерден тұрады: 12-ден 21-ге дейін. Өтпелі кіреберістер, үлкен терезелер, авторлық дизайн – бұның бәрі тұрғындардың өмірін жайлы етеді. Аулада сондай-ақ құрғақ фонтанды амфитеатр бар, бұл әр түрлі жастағы тұрғындардың сүйікті орны.

    Central Avenue
    Фото: BI Group

    Дегенмен, жобаның ең басты артықшылығы – терезеден ашылатын қаланың және таулардың көркі болса керек.

    Алматыда Central Avenue 2-2 тұрғын кешенінің кілттері тұрғындарға табысталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.