jitsu gif
Қаржы

    Allur туған күні қарсаңында науқан жариялайды

    Allur туған күні қарсаңында науқан жариялайды
    Фото: Allur

    Елдегі ең ірі автокөлік өндірушісі, дистрибьютор және дилер, Allur қазақстандық автокөлік компаниясы туған күні қарсаңында науқан жариялайды. Қазақстандықтар Kia, Chevrolet, Jac, Lada брендтерінің автокөліктерін тиімді бағамен сатып ала алады.

    Науқан бүкіл республика төңірегіне тарайды. Автокөлікті қолма-қол қаражатқа не несиеге алуға мүмкіндік бар. Науқанға танымал брендтердің ең сұранысқа ие модельдері қатысады:

    - Chevrolet: Cobalt, Nexia, Spark, Damas;

    - Kia: Soul;

    - JAC: J7, S5;

    - LADA: Vesta, Granta, Xray, Largus, Niva.

    Kia Soul
    Фото: Allur

    Allur әрбір азаматтың өмірін ыңғайлы етуге талпынады. Көптеген жылдар бойы компания қазақстандықтарды сенімді, қолжетімді жеке және бизнеске арналған көліктермен қамтамасыз етіп келеді. Қалаларды мобильді инфрақұрылыммен жабдықтап, қоғамдық көлік, арнайы транспорттар шығарады. Allur еліміздегі №1 мобильділік провайдері бола тұра, бүкіл автокөлік саласын ілгерілетіп келеді.

    JAC J7
    Фото: Allur
    "Allur Қазақстандағы автокөлік саласының лидері. 2021 жылы өндірілген көліктердің 3-тен 2-сі біздің зауыттан шығарылған. Біз елдегі ең ірі дилерлік желінің иесіміз, әрбір өңірде орталықтарымыз бар. Дегенмен, әлемдегі тұрақсыз экономикалық ахуалға байланысты, өнім бағасының едәуір өскенін байқап отырмыз. Тұтынушы үшін автокөлік сатып алу қиындай түсті. Соған орай, компанияның туған күнінің қарсаңында, Allur отандық өндіруші ретінде қазақстандықтарға жеңілдіктер ұсынады",- дейді Allur-дің өндіріс бойынша вице-президенті Сырым Семейбаев.
    LADA Vesta
    Фото: Allur

    Жеңілдікпен көлік сатып алу үшін өңірдегі дилерлік орталықтардан сұраңыз. Толық ақпаратты allur.kz сайтынан табуға болады. Ұсыныс шектеулі, асығыңыз!

    Cobalt
    Фото: Allur

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.