jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Ақшаны жинауды неден бастаған дұрыс: Маман кеңесі

    Ақша
    Көрнекі фото: Владимир Третьяков/NUR.KZ

    Қаржы саласының маманы Ләйлә Нұрманова ақша жинаудың тиімді жолдарын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

    "Ақшаны басқарудың бірнеше ережесі бар. Оны адамдар үйреніп алса, онда тапқан табысы да, онымен қоса болашағына да ақшасы жетеді. Мәселен, балаларына үй алуға, олардың оқуына және өзінің болашақтағы зейнетақысына ақша жинай алады. Бірақ біздің азаматтарымыз қарапайым қағидаларды ұстамайды", - дейді сарапшы.

    Қаржы кеңесшісінің сөзінше, ең кемінде тапқан табыстың 10%-ын жұмсамай, "қаржылық жастыққа" сақтап қою керек.

    "Алайда табыс неғұрлым көп болса (мәселен, орташа деңгейдегі 200-300 мың теңге), онда 10% жеткілікті деп ойлаймын. Ал адамның табысы неғұрлым жоғары болса, оның өзіне өзі төлейтін, яғни болашағына сақтайтын ақшасы соғұрлым көбірек болуы керек", - деп түсіндірді Ләйлә Нұрманова.

    Маман шығындарды азайтып, қаржыны сақтауды неден бастау керегіне тоқталды.

    Оның сөзінше, ең алдымен адам алдына қойған мақсатын анықтауы керек.

    Өйткені адамдарға ақшаны не үшін сақтау керегін түсінбейтін ойлар келуі мүмкін.

    "Яғни мақсат белгілі болмағандықтан, адамдар оны жұмсай салады. Мысалы, баланың оқуын алып қарайық. Енді оқудың 1 жылы қанша теңге болатынын есептеп, оны 4-ке көбейту керек. Ал егер бала шетелде оқитын болса, онда оның бір жылдағы шығындарының көлемін анықтау қажет", - деп атап өтті отбасылық қаржы кеңесшісі.

    Ақшаны жинауды неден бастаған дұрыс: Маман кеңесі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.