jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Бір адам өз атына қанша шетелдік көлікті заңдастыра алады

    Көлік айдап отырған ер адам
    Көлік айдап отырған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев бір азамат өз атына неше шетелдік көлік заңдастыра алатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    "Шетелден әкелінген көлікті заңдастыру үшін оның иесі міндетті түрде Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек. Ал бір азаматтың атына неше көлік заңдастыру керек дегенге келсек, саны бойынша ешқандай шектеу жоқ", – дейді комитет басшысы.

    Бұл үшін заңдастыруға жататын көлік төмендегідей үш талапқа сай болуы керек:

    • Біріншісі – автокөлік іздеуде болмауы тиіс.
    • Екіншісі – кедендік тазартудан өткен болуы қажет.
    • Үшіншісі – 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктер болуы керек.

    Сондай-ақ Қайсар Сұлтанбаев техникалық ақауы бар көлікті заңдастыру үшін жөндеу міндет екенін екенін еске салды.

    "Заңдастыруға жататын көліктің "жасына", экологиялық класына, рулінің қай жағында орналасқанына байланысты ешқандай тыйым жоқ екенін тағы қайталап айтамын. Ал техникалық жағдайына келсек, тіркеу кезінде техникалық бақылаудан өткіземіз.

    Егер көліктің техникалық тұрғыдан ақауы бар боп шықса, оны тіркеуге қоя алмайтын шығармыз. Жол қозғалысына тек техникалық ақауы жоқ көліктер ғана қатысуы керек. Техникалық байқау деген сол үшін керек.

    Бірақ бұл біз ондай көлікті тіркеуден бас тартамыз деген сөз емес. Иесі оны жөндеп, ақауды жойып, қайтадан тіркеу пунктіне жүгіне алады. Ақау шынымен жойылған болса, көлік тіркеуге қойылады", – дейді ол.

    Бір адам өз атына қанша шетелдік көлікті заңдастыра алады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.