jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қанша қазақстандық шетелдік көлігін заңдастырып үлгерді

    Қыстағы көліктер
    Көліктер. Көрнекі сурет: pexels.com

    Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствода өткен брифингте шетелдік көліктерді заңдастыру жұмыстарының барысы туралы соңғы мәліметтермен таныстырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Тұрлыбек шетелдік көліктерді заңдастырудың басталғанына 20 күн өткенін еске салды.

    "Бүгінгі күнге дейін 61 мың қазақстандыққа көлігін заңдастыруға рұқсат етілді. 25 мың көлік иесі тиісті құжаттары мен нөмірін алды", - деп хабарлады ІІМ өкілі.

    Еске салсақ, Қазақстанда 2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап шетелдік көліктерді заңдастыру басталған еді. Шетелдік көліктерді заңдастыру осы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

    Осы аралықта шетелдік автокөліктердің иелері оларды жеңілдік ережелерімен, яғни бастапқы тіркеу үшін 200 мың теңге, техникалық төлқұжатқа 4 313 теңге, мемлекеттік нөмір алу үшін 9 660 теңге мемлекеттік баж салығын төлеу арқылы тіркей алады.

    Қанша қазақстандық шетелдік көлігін заңдастырып үлгерді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.