jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық көлік жүргізушілері енді сақтандыру полисін өзімен бірге алып жүруге міндетті емес

    көлік жүргізіп келе жатқан жігіт
    Көлік жүргізушісі. Көрнекі фото: pixabay.com

    Енді қазақстандық көлік жүргізушілері өзімен бірге міндетті сақтандыру полисін алып жүруге міндетті емес, өйткені оның цифрлық аналогы пайда болды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ресми сайтында хабарлады.

    Былтырдан бастап құжаттардың цифрлық нұсқалары олардың қағаз түпнұсқаларымен заңды түрде теңестірілген болатын. Бұл қолайлы болғандықтан электронды түрде пайдалануға болатын құжаттар тізімін кеңейту туралы шешім қабылданған еді.

    Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, таяуда Цифрлық құжаттар сервисі (жеке куәлік, паспорт, жүргізуші куәлігі, неке, туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі және т.б қамтылған) тағы бір құжатпен толыққан. Ол әрібір көлік жүргізушісінде болуы тиіс құжат – міндетті сақтандыру полисі.

    Сақтандыру полисі – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың міндетті түрі бойынша сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы шарттық қатынастардың дерегін растайтын құжат.

    "Басқа цифрлық құжаттар секілді сақтандыру полисі де қағаз құжатпен қатар заңды күшіне ие және сақтандыру компаниясы, сақтандыру полисінің мерзімі және т. б. туралы ақпаратты қамтиды. Министрлік халыққа ыңғайлы болу үшін құжаттарды цифрландыру жұмысын жалғастырады", - дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министр министрі Бағдат Мусин.

    Айта кетейік, құжаттардың электронды нұсқасын мобильді банкинг немесе eGov мобильді қосымшасы арқылы алуға, дұрыстығын тексеруге болады.

    Қазақстандық көлік жүргізушілері енді сақтандыру полисін өзімен бірге алып жүруге міндетті емес

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.