Тұрғын "Көктөбе" автотұрағына кіру бағасы 7 мың теңгеге дейін өсіп кеткеніне шағымданды (видео)
Жарияланған күні:

Әлеуметтік желіде "Көктөбе" демалыс саябағының автотұрағына кіру бағасына шағымданған әйелдің видеосы тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бейнеролик HALYQSTAN Telegram-арнасында жарияланған. Кадр сыртындағы әйел "Көктөбе" паркингіне кіру құнының 7000 теңге дейін көтерілгеніне наразылығын білдіруде.
Келушінің шағымына қатысты NUR.KZ тілшісіне жауап берген "Көктөбе" әкімшілігінің хабарлауынша, биылғы жылдың 1 мамырынан бастап паркингке кіру құны өскен.
Нақтырақ айтқанда "Жоғарғы станцияның" автотұрағына кіру бағасы 7 мың теңгеге дейін өскен.
Саябақ өкілінің айтуынша, бұл шешім көліктер ағынын азайту мақсатында қауіпсіздік шарасы ретінде қабылданған болатын. Әкімшілік автотұрақта көлік қоятын орындар аз екенін де атап өтті.
Автотұраққа кіру бағасы туралы өзекті ақпаратты "Көктөбе" саябағының ресми сайтынан қарауға болады.
Демалыс саябағының ресми сайтында келесі бағалар көрсетілген:
- Омарова 41 көш. орналасқан тұраққа кіру (аялдама кешені) бір автокөлік үшін – 200 теңге;
- автотұраққа (төменгі станция) бір көлік үшін кіру құны – 500 теңге;
- автотұраққа (жоғарғы станция) бір көлік үшін кіру бағасы – 7 мың теңге.
Саябаққа кіру:
- мопед немесе мотоциклмен кіру құны – 1,5 мың теңге;
- бір лимузинмен кіру – 15 мың теңге;
- шағын автобуспен (8-15 орындық) кіру – 15 мың теңге;
- шағын автобуспен (15-50 орындық) кіру – 25 мың теңге.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2020758-turgyn-kok-tobe-avtoturagyna-kiru-bagasy-7-myn-tengege-deiin-osip-ketkenine-sagymdandy-video/