jitsu gif
Қаржы

    "11 млн теңгеге жуық": бір топ қызылордалық жылжымайтын мүлікті кезексіз алып бермек болған алаяққа алданды

    Қолына кілт пен үйдің макетін ұстаған адам
    Кілт және үйдің макеті. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қызылордалық 14 адам жылжымайтын мүлікті кезексіз алып бермек болған алаяққа алданды. Полиция бір топ қала тұрғынын 10 млн 820 мың теңгеге алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды POLISIA.KZ Telegram арнасында.

    Полиция мәліметінше, 13 маусым күні полиция бөлімінің кезекші бөліміне 14 қала тұрғыны алаяқтың әрекетінің құрбаны болғандығы жөнінде арызданған.

    "Жәбірленушілерден 2022 жылдан бастап "мемлекеттік бағдарламамен бой көтерген жылжымайтын мүлікті кезексіз алып беремін", "баспана алу үшін кезегіңді жылжытып беремін" деп, алдап арбау жолымен 10 миллион 820 мың теңге ақшаларын алдап алған. Бұрын сотты болған 27 жастағы күдікті азамат ұсталды.

    Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті УҰИ-ға қамалды. Мән – жайлар анықталып жатыр", - деді Қызылорда қалалық ПБ-ның тергеу бөлімінің тергеушісі Салтанат Мұратова.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.