jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шетел азаматы Қазақстанға мініп келген шетелдік көлікті сатып алуға бола ма

    Көліктер
    Көліктер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Шетел азаматы Қазақстанға мініп келген шетелдік көлікті сатып алуға бола ма? Бұл сауалға Әкімшілік полиция комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Әлібек Кеңіспаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Әлібек Кеңіспаевтың сөзінше, Грузия, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес елдердің бәрі – ред.) шетел азаматы Қазақстанға шетелдік көлікті мініп келсе, Кедендік кодекс аясында декларант ретінде иелік ете алады.

    "Олар бұл көлікті Қазақстан аумағында бір жыл бойы міне алады", - дейді ол.

    Ал мұндай көлікті Қазақстан азаматы сатып алған жағдайда толыққанды міну үшін кедендік тазартудан толыққанды өткізуі керек.

    Әлібек Кеңіспаевтың айтуынша, Қазақстан азаматтарды шетел азаматы мініп келген көлікті бір жыл бойы транзиттік нөмірмен міне алатыны жайлы ақпарат негізсіз.

    "Мұндай құқық тек шетелдік азаматқа, декларантқа беріледі. Бұл көліктер Қазақстан аумағында Қазақстан азаматтарының басқаруына беріле алмайды. Сондықтан ондай көлікті Қазақстан азаматы сатып алған жағдайда толыққанды міну үшін кедендік тазартудан толыққанды өткізуі керек.

    Бастапқы есепке қойып, бастапқы тіркеу алымын және утильалым төлейді. Осыдан кейін Қазақстан аумағында қазақстандық нөмірмен, тиісті тіркеу құжаттарымен міне алады", - дейді ол.

    Шетел азаматы Қазақстанға мініп келген шетелдік көлікті сатып алуға бола ма

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.