jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    400 млн теңге залал келген: Қазақстанға көліктерді заңсыз кіргізу бойынша көлеңкелі схема анықталды

    Көлік тұрағы
    Көлік тұрағы. Көрнекі фото: pixabay.com

    2023 жылдың басында Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автомобильдерді заңдастыру басталған болатын. Бір реттік алым мөлшері 200 мың теңге. Алайда алаяқтар бұл жағдайды теріс пайдаланғаны анықталды, деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы ресми сайты.

    Ведомство ақпараты бойынша, аталған дерек Алматыда, БҚО және ШҚО-да тіркелген.

    Мемлекетке келтірілген залал мөлшері 400 млн теңгеден асады. Басқа аймақтарда тексеру жалғасуда.

    "Мәселен, биыл 13 сәуірде осындай жосықсыз азаматтардың бірі жалған құжаттарды, оның ішінде Қырғыз республикасында көлік құралын тіркеу туралы 2021 жылғы куәлікті және сатып алу-сату шартын ұсына отырып, Toyota Highlander маркалы шетелден әкелінген машинаны қазақстандық есепке тіркеген.

    Олардың нақтылығына прокурорлар американдық сайттармен мәліметтерді салыстыру арқылы көз жеткізді, бұл аталған көліктің 2022 жылдың 12 қазанында Copart аукционында сатылғанын және 2023 жылдың сәуірінде елге әкелінгенін көрсетті.

    Осы мән-жайларды жария етудің негізгі шарттары мен мерзімдері туралы біле отырып, жеке тұлғалардың 2 млн теңгеден астам сомаға мемлекеттік төлемдерді төлеуден жалтарған белгілерінің бар екенін тікелей көрсетеді", – делінген хабарламада.

    Ведомство өкілдерінің айтуынша, Алматы қаласы бойынша осыған ұқсас 160 факт анықталған.

    Көлік прокурорлары мемлекетке келтірілген залалды өтеу және кінәлілерді заң алдында жауапқа тарту жөнінде шаралар қабылдау туралы шешім шығарылып, қадағалау актісі енгізілген.

    Сонымен қатар жиналған материалдар Қылмыстық кодекстің 195 және 361-бабы бойынша іс жүргізу шешімін қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарына жіберілді.

    400 млн теңге залал келген: Қазақстанға көліктерді заңсыз кіргізу бойынша көлеңкелі схема анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.