Қаржы

Зектілері

Алматы облысының тұрғыны шотына аударылған миллион теңгені қайтаруға міндеттелді

Жарияланған күні:

Телефон ұстаған ер адам
Телефон ұстаған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы облысында ер адамға негізсіз байыту сомасы ретінде оның шотына түскен шамамен 1,2 млн теңгені қайтару міндеттелді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық сотқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Соттың ресми Telegram-дағы арнасында хабарланған ақпаратқа сәйкес, азамат Алматы облысының Еңбекшіқазақ аудандық сотына негізсіз баю сомасын өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

2023 жылғы мамыр айында белгісіз тұлғалар Ақпараттық жүйелер арқылы алдау жолымен талапкердің атына жалпы сомасы 2 200 000 теңгеге онлайн-несиелер ресімдеген, сол арқылы талапкерге елеулі материалдық залал келтірген.

Қылмыстық істі тергеу барысында,талапкердің шотына несие ретінде түскен 1 172 000 теңге мөлшеріндегі ақша қаражатының бір бөлігі сол күні жауапкерге тиесілі шотқа аударылғаны анықталды.

Сот талапкердің шотынан жауапкердің шотына ақша қаражаты аударылғанын анықтады, бұл мән-жай жауапкердің соманы алуы банктік үзінді көшірмемен расталады.

Сонымен қатар, талапкер мен жауапкер арасында ешқандай мәміле жасалмаған, бұл операциялар талапкердің смартфонына орнатылған қашықтан қол жеткізу бағдарламасы арқылы жүзеге асырылған.

"Демек, жауапкер талапкерден ешқандай себепсіз ақша алды, осылайша басқа адамның есебінен негізсіз байыған", - делінген сотта.

Жауапкерден талапкердің пайдасына 1 172 000 теңге мөлшерінде сомасы өндірілді.

Алматы облыстық сотының апелляциялық сот алқасы шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2204165-almaty-oblysynyng-turgyny-shotyna-audarylgan-million-tenggeni-qaitaruga-mindetteldi/